Белгісіз біреулер бейітті бүлдіріп кетті

Фотография - Белгісіз біреулер бейітті бүлдіріп кетті

Бұзақылар 12 шілде күні сағат 21.00 шамасында Зеленов ауданы, Январцев ауылының шетінде орналасқан мұсылмандар бейітінде болып,екі ескерткішті, сондай-ақ кірпіштерді, 6 бейіттің жарты айларын сындырған

152 0

Бұзақылар 12 шілде күні сағат 21.00 шамасында Зеленов ауданы, Январцев ауылының шетінде орналасқан мұсылмандар бейітінде болып,екі ескерткішті, сондай-ақ кірпіштерді, 6 бейіттің жарты айларын сындырған.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталған департамент және Зеленов ауданы Приурал полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысқа қатысы бар Январцев ауылы балалар үйінің 3 тәрбиеленушісі, яғни, 11-12 жас аралығындағы кәмелетке толмаған 7-сынып оқушылары және Январцевте тұратын тағы бір 7-сынып шәкірті анықталып, ұсталды. Сұрастыру барысында аталған балалардың ағымдағы жылғы мамыр және маусым айлары аралығында орамалға оралған ақшаны жинау үшін мұсылман бейітіне барғандары белгілі болды. Кейбір орамалдар бейітке байланған соң оларға кірпішті басып шығып алуларына тура келген. Осы кезде кейбір кірпіштер ескі болғандықтан, сынып, шашылған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарылды. Қабылданған процессуалдық шешім бойынша барлық кәмелетке толмағандар ішкі істер органдарының есебіне алынатын болады - деп хабарлады ҚазАқпарат.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!