Шымкенттің Чапаевка ауданында жарылыс орын алды

Фотография - Шымкенттің Чапаевка ауданында жарылыс орын алды

Біреулер жарылғыш затты үйдің қақпасының алдына тастап кеткен. Баспана иесінің айтуынша, жарылыстан кейін қақпа ілмегінен шығып, жақын маңда қаңтарылған «Фольцваген-Пассат» көлігін зақымдаған.

184 0

Біреулер жарылғыш затты үйдің қақпасының алдына тастап кеткен. Баспана иесінің айтуынша, жарылыстан кейін қақпа ілмегінен шығып, жақын маңда қаңтарылған «Фольцваген-Пассат» көлігін зақымдаған.

Абырой болғанда, жарылыстан жапа шеккендер жоқ.

Криминалистердің болжамы бойынша қолдан жасалған жарылғыш зат іске қосылған. Сарапшылар айғақ зат ретінде жарылғыш заттың қалдықтарын, металл бөлшектерін, қылмыстың басқа да іздерін тапты.

Үй иесінің айтуына қарағанда, бұл оның үйін жарып жіберуге жасалған әрекеттің алғашқысы емес екен. Шымкенттің осы бөлігінде мұндай келеңсіз жағдайлар бірнеше мәрте тіркелген.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 257 бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде - деп хабарлайды ҚазАқпарат


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!