Жамбыл облысында көлік полицейлері 1 тоннадан аса есірткі затын тәркіледі

Фотография - Жамбыл облысында көлік полицейлері 1 тоннадан аса есірткі затын тәркіледі

Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

139 0

Көліктегі ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Жамбыл станциясындағы ІІЖБ, Луговая станциясындағы ЖПБ Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімдерінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында, «КӨКНӘР-2013» алдын алу шарасы аясында, «Құрағаты-Чимен» аралығының 3656 шақырымында Жамбыл облысында тұратын О. есімді азаматты ұстады. Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Тексеру барысында одан 1 тонна 152 келі болатын «кептірілмеген марихуана» есірткі заты табылып, алынды. Қазір ол Луговая станциясының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Көліктегі ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының мәліметі бойынша, жыл басынан бері департаменттің қызмет көрсету аумағында 147 есірткі қылмысы анықталды. Олардың ішінде есірткіні сатуға байланысты 61 факт және есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдаудың 14 фактісі тіркелді, олардың барлығы бойынша қылмыстық істер қозғалды. Заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді, оның шамамен 12 келісі - героин.


Тегтер:

есірткі

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!