Ресей азаматы Қарағандыда қылмыспен ұсталды

Фотография - Ресей азаматы Қарағандыда қылмыспен ұсталды

Қарағанды қаласында адам тонаумен айналысқан ресейлік 26 жастағы азамат қолға түсті

135 0

Қарағанды қаласында адам тонаумен айналысқан ресейлік 26 жастағы азамат қолға түсті.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«16 шілде күні Қарағанды ІІБ Киров бөлімі криминалдық полициясының қызметкерлері жедел іздестіру шараларының барысында РФ Ростов облысының 26 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адам Қарағандыда бірқатар қылмыс жасағанын мойындады», - делінген хабарламада.

Ресейліктің 13 шілде күні 22 жастағы қарағандылық бойжеткенді тонап кеткені анықталды. Қарақшы ұялы телефон мен ақша жатқан қыздың сөмкесіне қызыққан көрінеді.

«Ресейлік ұсталғаннан бірнеше сағат бұрын 36 жастағы әйелді тонауға әрекеттенген. Ер адам өз ісіне тек таң атысымен кірісіп, қоғамдық көлікті күткен әйелдерге шабуыл жасайтын болған», - деп атап өтілген хабарламада.

РФ азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары қолға алынды. Ол уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!