Бес айлық қызын өз анасы ұрып өлтірді

Фотография - Бес айлық қызын өз анасы ұрып өлтірді

 Атырау облысында анасы өзінің 5 айлық қызын өлімші етіп сабап тастаған

200 0

 Атырау облысында анасы өзінің 5 айлық қызын өлімші етіп сабап тастаған.

Жаға ұстатарлық оқиға Құрманғазы ауданының Нұржау ауылдық округінде орын алды. 18 жасқа толған жас ана қызының жылағанын көріп, оны бірнеше рет ұрған. Сәбиінің жағдайы күрт нашарлағанын түсінген әйел оны ауруханаға жеткізеді. Алайда алған жарақаттардан бала көз жұмды.

«Әйел уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Абайсызда жапа шегушінің өліміне әкеліп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян тигізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал», - деп атап өтті облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!