Каспий теңізіне 18 жастағы бойжеткен батып кетті

Фотография - Каспий теңізіне  18 жастағы бойжеткен батып кетті

Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 адамның ажалы судан келді, олардың ішінде 18 жастағы бойжеткен бар

247 0

Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 адамның ажалы судан келді, олардың ішінде 18 жастағы бойжеткен бар. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми сайты хабарлады.

15 шілде күні Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінешомылу кезінде 43 жастағы ер адам батып кетті. Екі тәуліктен кейін оның мәйіті ҚР ТЖМ Қызылорда облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің 4 маманы, бір техникасы күшімен судан шығарылды.

Маңғыстау облысында 18 жастағы қыздың ажалы да судан келді. Форт-Шевченко қаласында Каспий теңізінде шомылған бойжеткеннің денесі жарты сағаттан кейін ҚР ТЖМ Маңғыстау облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің 3 маманы мен бір техникасы арқылы шығарылды.

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысындағы Красная горка ауылында Есіл өзеніне шомылу 40 жастағы ер адам үшін қайғылы аяқталды. Оның мүрдесін судан шығару жұмыстарына ҚР ТЖМ СҚО ТЖД суда құтқару қызметінің 4 маманы мен техникасы жұмылдырылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!