Көкшетауда қаржы полициясының майорына шабуыл жасалды

Фотография - Көкшетауда қаржы полициясының майорына шабуыл жасалды

Бірнеше жерінен пышақталған Қайрат Біләлов ауруханаға жеткізген. Оқиға кеше кешкісін болды. Отбасы және достарымен дәмханаға барған Қаржы полициясының қызметкері сол жерде бір топ жігіттермен сөзге келмей қалған

180 0

 

Бірнеше жерінен пышақталған Қайрат Біләлов ауруханаға жеткізген. Оқиға кеше кешкісін болды. Отбасы және достарымен дәмханаға барған Қаржы полициясының қызметкері сол жерде бір топ жігіттермен сөзге келмей қалған. Соңы төбелеске ұласып, белгісіз біреулер майордың ішіне үш рет пышақ салған. Ерегестен дәмхана басшысы да зардап шекті. Оларды ажыратпақ болған қожайынды да пышақтап тастаған. Қазір төбелесті бастаған екі жігітке іздеу жарияланды -деп хабарлады 24kz.

Азамат АЯҒАНОВ, қала прокурорының аға көмекшісі:

- Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 257-бабына сай бұзақылық, суық қару қолданды деген қылмыстық іс қозғалды.

Владимир ПОГРЕБИЦКИЙ, қалалық аурухана хирургия бөлімінің ординаторы:

- 17 шілде күні пышақ жарақатымен төтенше жағдайда жеткізілді. Науқас ауруханаға түспес бұрын көп қан жоғалтқандықтан, жағдайы тым ауыр болды. Үш жерден жарақат алған. Шұғыл ем-шаралар қолданылды. Он күнге дейін осында болады. Науқас 1979 жылы туылған, лауазымы – Қаржы полициясының аға инспекторы.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!