Ұры екен деп көршісін атып салды

Фотография - Ұры екен деп көршісін атып салды

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Сандықтау ауылында 53 жастағы ер адам 17 жастағы мектеп оқушысына оқ атты.

299 0

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Сандықтау ауылында 53 жастағы ер адам 17 жастағы мектеп оқушысына оқ атты.

Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

Оқиға былай болған сыңайлы: иттің үрген даусынан үй иесі таңғы сағат 3-тер шамасында өз ауласына шыққан. Сосын ол аулада дыбыстар естіп, жақын маңда адам бейнесі көлбеңдегенін байқап қалады. Бұны ұры деп ойлап қалған үй иесі адам бейнесі қимылдаған бағытқа қарай оқ атқан. Жақындап байқағанда оқтың қыз балаға тигендігіне көзі жетеді.

«Бұдан соң жәбірленуші Балкашино ауылындағы ауруханаға жеткізілген. Оқиға салдарынан мектеп оқушысының басы мен санына оқ тиіп, ауыр жарақаттанды, ол ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр. Аталған факті бойынша 16-калибрлі «ТОЗ» екі ұңғылы қару тәркіленіп алынды. Тергеу амалдары жалғасуда. Жарақат алған қыз ер кісінің көршісі болып шықты», - дейді Н. Ораз.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!