Жамбыл облысында ер кісінің бірінен 700 келі, екіншісінен жарты тонна есірткі тәркіленді

Фотография - Жамбыл облысында ер кісінің бірінен 700 келі, екіншісінен жарты тонна есірткі тәркіленді

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Меркі ауданында Жамбыл облысының 54 жастағы тұрғынын қолға түсіріп, одан 700 келіден астам марихуана тәркіледі

158 0

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Меркі ауданында Жамбыл облысының 54 жастағы тұрғынын қолға түсіріп, одан 700 келіден астам марихуана тәркіледі. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 259 бабына сәйкес (есірткіні ірі көлемде заңсыз алғаны, тасымалдағаны немесе сату мақсатында сақтау) қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмыс үшін күдіктіге үш жылдан жеті жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

«Бұдан бөлек, жарты тоннадан астам марихуананы Қордай ауданы есірткі бизнесіне қарсы бөлімі мен «Дельта-Долина» аумақаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері өткен аптада тәркілеп отыр. Қордай ауданы шығыс бөлігінің 6-ы шақырымында орналасқан Қайнар ауылында Тараз қаласының бұрын сотталған 41-жастағы тұрғыны аса ірі көлемдегі есірткі затымен қолға түсті.

Тараздық тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда есірткі затын тасымалдау арналарын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру, арнайы және тергеу шаралар кешені жүргізілуде», - деді Н. Ораз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!