Героин сатқаны үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды

Фотография - Героин сатқаны үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды

Жазасын өтеп болмаған Теміртау қаласының тұрғынынан 1 кг героин тәркіленіп, 16 жылға бас бостандығынан айырылды

143 0

Жазасын өтеп болмаған Теміртау қаласының тұрғынынан 1 кг героин тәркіленіп, 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қарағанды-Сортировочная станциясындағы Желілік ішкі істер басқармасына 27 ақпан күні К. есімді азаматша заңсыз героин саудалап жүрген М. есімді азаматшаға қатысты шара қолдану керектігі жөнінде арыз жазған.

ІІД-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қарағанды-Сортировочная станциясындағы Желілік ішкі істер басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Теміртау қаласының 40 жастағы тұрғынын «героин» есірткі заттарын заңсыз ұстап, сату мақсатында сақтағаны үшін биылғы жылдың наурыз айында қамауға алды. М.есімді азаматшаның үйін тінту барысында 1 кг-ға жуық героин тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қарағанды-Сортировочная станциясындағы Желілік ішкі істер басқармасының тергеу бөлімі ұсталған әйелге қатысты ҚР ҚК 259-бабының 3-тармағы бойынша екі қылмыстық іс қозғады.

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық соты қылмыскерді 16 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!