Аралда жас жігіт әкесін ұрып өлтірді

Фотография - Аралда жас жігіт әкесін ұрып өлтірді

Қызылорда облысы Арал қаласында 26 жастағы жігіт әкесін ұрып өлтірді

169 0

Қызылорда облысы Арал қаласында 26 жастағы жігіт әкесін ұрып өлтірді.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

17 шілде күні түнгі мезгілде Арал аудандық ішкі істер бөліміне Сексеуіл кентіндегі бір үйдің ауласында бет-аузы қанға бөккен кісінің өліп жатқандығы жөнінде ақпарат түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері оның осы үйдің иесі, 1958 жылы туған азамат Қ.С.-ның мәйіті екендігін анықтаған.

Тексеру барысында Қ.С-ның үйі құлыптаулы тұрғандығы белгілі болды. Мүрдені қарау барысында бет тұсының сол жағында екі жерден жарылғандығы, кеңірдегінде көгерген, жырылған дене жарақаттарының бар екендігі анықталды.

Осы оқиғаға байланысты марқұмның баласы 1987 жылы туған азамат Б.С. уақытша ұстау абақтысына қамалды. Күдіктінің айтуынша, 16 шілде күні сағат 23:00 шамасында араларында жанжал туындап әкесін ұрып-соққан. Осының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған.

Қазіргі таңда күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 96-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Егер оның қылмысы дәлелденсе, алты жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!