Шымкент қаласында 19 кг героинді 50 мың АҚШ доллары мен автокөлікке айырбастамақ болған Ресей азаматы ұсталды

Фотография - Шымкент қаласында 19 кг героинді 50 мың АҚШ доллары мен автокөлікке айырбастамақ болған Ресей азаматы ұсталды

Кеше ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының ІІД бірлесе отырып, жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Шымкент қаласында 19 кг героинді 50 мың АҚШ доллары мен құны 80 мың АҚШ доллары тұратын автомашинаға айырбастамақ болған Новосібір облысының тұрғыны, 1982 жылы туған Ресей азаматын ұстады.

227 0

Кеше ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының ІІД бірлесе отырып, жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Шымкент қаласында 19 кг героинді 50 мың АҚШ доллары мен құны 80 мың АҚШ доллары тұратын автомашинаға айырбастамақ болған Новосібір облысының тұрғыны, 1982 жылы туған Ресей азаматын ұстады.

Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады

«Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында оның Қырғыз Республикасының Бішкек қаласынан контрабандалық жолмен героин жеткізгені анықталды», - деді ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті басқармасының басшысы полиция полковнигі Жұмажан Мұқатанов.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша сату мақсатында аса ірі көлемде заңсыз есірткі сатып алғаны, тасымалдағаны және сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Аталған қылмыс үшін мүлкі тәркілене отырып, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Жыл басынан бастап есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністері 2 мың есірткі қылмысын тіркеді, оның ішінде 1300 есірткі сату фактісін анықтады. Заңсыз айналымнан 14 тоннадан астам есірткі заты, оның ішінде 115 кг героин алынды. 18 ұйымдасқан есірткі қылмысы жойылды және есірткі контрабандасының 60 фактісінің жолы кесілді.

Ағымдағы жылы шетелдік азаматтар жасаған 28 есірткі қылмысы тіркелді. Олар бойынша Ресейдің 15 азаматы, Қырғыз Республикасының - 8, Өзбекстанның 3 және Тәжікстанның -1, Украинаның 1 азаматы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жалпы алынған героин көлемінен 72 келісі шетелдік азаматтардан алынды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!