Мектеп директоры мен екі есепші сотталды

Фотография - Мектеп директоры мен екі есепші сотталды

Көктебе ауылындағы мектептің директоры мен екі есепшісі қазына қаржысын иемденген және ысырап еткен

169 0

Көктебе ауылындағы мектептің директоры мен екі есепшісі қазына қаржысын иемденген және ысырап еткен.

Бұл туралы Павлодар облыстық Май аудандық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.

Сот анықтағандай,  өзара келіскен олар қызмет бабын және жалған құжаттарды пайдаланып, 2009 жылдың қыркүйегінен 2012 жылдың маусым айына дейін 2,2 млн.теңге қаржы жымқырған.

Істі қарау барысында келтірілген залал көлемі өтелді.

Мектеп директоры 6 жылға мемлекеттік ұйымдарда басқару лауазымдарына тағайындалу құқығынан айырылып, 6 жылға шартты түрде сотталды. Мектептегі есепшілердің әрқайсысы кінәлі танылды, жазасын шартты түрде 5 жылдан өтейді. Оларға 3 жыл бойы есепші қызметімен айналысуға тиым салынды.

Сотталушылардың үшеуіне де бірқатар шектеулерді қарастыратын үш жылдық сынақ мерзімі бекітілді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!