2013 жылдың бірінші жартыжылдығында жол апатынан мыңнан астам адам қаза тапты

Фотография - 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында жол апатынан мыңнан астам адам қаза тапты

2013 жылдың 6 айында 8462 жол-көлік оқиғасы ( ЖКО) тіркелген, 1 167 адам мерт болған және 10 837 адам түрлі дәрежеде дене жарақатын алды

133 0

Жол полициясы бөлімшелері қабылдап жатқан шараларға қарамастан республика жолдарында апаттылық жағдай күрделі: 2013 жылдың 6 айында 8462 жол-көлік оқиғасы ( ЖКО) тіркелген, 1 167 адам мерт болған және 10 837 адам түрлі дәрежеде дене жарақатын алды.

ІІМ Жол полициясы комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда оқиғалардың саны 49%-ға өскен, мерт болған және жарақаттанғандардың саны тиісінше 5% және 59% артқан.

Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан басқа ЖКО санының өсуі барлық өңірлерде байқалады.

78% немесе 6 628 ЖКО елді мекендерде тіркелген. Әрбір жетінші ЖКО республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарда жасалған. Жергілікті жолдарда 642 ЖКО тіркелген.

ЖКО санының негізгі себебі, бұрынғыдай Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын көлік жүргізушілерінің төмен тәртібі болып табылады. Жүргізушілердің кінәсі бойынша 7 665 ЖКО тіркелген, бұл барлық оқиғалардың 91%-ын құрайды.

21,6% ЖКО жылдамдықты асыру себебінен жасалған (1 825 ЖКО);

9,3% ЖКО - жаяу жүргіншілер өтпесінен өту ережелерін бұзу (789 ЖКО);

8,6% ЖКО - қиылыстардан өту ережелерін бұзу (728 ЖКО);

8,3% ЖКО - жолдың қарсы бағытына шығу (705 ЖКО).

Мас күйінде жүргізушілердің кінәсінен 249 ЖКО жасалған, онда 50 адам қаза болды және 385-і- жарақат алды.

Автобус жүргізушілерінің кінәсінен 256 ЖКО жасалған. Оның ішінде ұдайы бағдардағы автобус жүргізушілерінің кінәсінен (76,5%) ЖКО тіркелген.

Әрбір екінші ЖКО жаяу жүргіншілерді қағып кетумен (46%) байланысты болған, олардың қатысуымен жалпы қаза тапқандар мен жарақат алғандардың санынан 30% және 35% құрайды. Барлығы жаяу жүргіншілердің қатысуымен 3 193 ЖКО тіркелген, онда 349 адам мерт болды және 3 794 адам жарақат алды.

Бұл ретте, 770 ЖКО жаяу жүргіншілердің кінәсінен орын алды, оның ішінде 67-сі - ЖКО мас болған жаяу жүргіншілердің салдарынан.

Жол полициясы комитеті мен жол полициясы бөлімшелері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдарда апаттылық деңгейін төмендетуге бағытталған тісті шараларды қабылдауда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!