Көлік тұрағы күзетшісін ит талап мерт қылды

Фотография - Көлік тұрағы күзетшісін ит талап мерт қылды

Алматыда таңғы сағат 4-те күзетілетін көлік тұрағының аумағында вольерінен шығып кеткен ротвейлер тұқымды ит күзетшілерге тап берді

158 0

Алматыда таңғы сағат 4-те күзетілетін көлік тұрағының аумағында вольерінен шығып кеткен ротвейлер тұқымды ит күзетшілерге тап берді.

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Салдарынан алған жарақаттардан 35 жастағы ер адам 7-ші қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Ал төбеттің қожайыны болып табылатын екінші күзетші ауруханаға жатқызылды.

«Буран-77» сақшылық көлік жасағының қызметкерлері иттің көзін құртты. Олардың әрекеті ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» заңының 61 бабы, 6 бөлігіне сәйкес келеді.

Бүгінгі таңда процессуалды шешім қабылдау мақсатында тергеуалды шаралары қолға алынды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!