Ақмола облысында елік атқан браконьер сотталды

Фотография - Ақмола облысында елік атқан  браконьер сотталды

Ақмола облысының Бұланды аудандық соты заңсыз аңшылық бойынша айып тағылған ер адамның ісін қарады

226 0

Ақмола облысының Бұланды аудандық соты заңсыз аңшылық бойынша айып тағылған ер адамның ісін қарады.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұланды ауданы Журавлевка ауылының тұрғыны Журавлевка және Воробьевка ауылдарының шетінде орналасқан, аңшылық шаруашылығының резервтік қорында сібір еліктері жайылатынын біле тұра, әрқайсысының құны 173 100 теңгені құрайтын 8 аналық елікті жайратып салған.

Сот браконьерді ҚР ҚК 288 бабының 3 бөлігі бойынша оның жеке мүлкін тәркілеп, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ер адамға тиесілі ГАЗ-52 және «Фольксваген-VW351» , 4 аңшы мылтығы, «Буран» қарда жүргіш автомобилі және көлік тіркемесі тәркіленеді.

Соттың шешімімен мемлекетке келтірілген 1 384 800 теңге көлеміндегі залал және 13 484 теңге мемлекеттік баж салығы алынуы тиіс.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Айыпталушының қорғаушысы апелляциялық арыз жазды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!