Ақтау тұрғыны шетелдіктерді талтүсте сабады

Фотография - Ақтау тұрғыны шетелдіктерді талтүсте сабады

Өткен сенбіде Ақтау қаласының тұрғыны «Алатау» сауда орталығының жанында үш шетелдік азаматты төбелеп кеткен

310 0

Өткен сенбіде Ақтау қаласының тұрғыны «Алатау» сауда орталығының жанында үш шетелдік азаматты төбелеп кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, бұзақы саяхатшыларды темір құбырмен бастан ұрып, «Шетелдіктерді суқаным сүймейді», деп айқайлаған.

«Қонақтар бірнеше күннен бері дүкеннен азық-түлік алып, асхананың сыртында отырып тамақтанып жүр. Бүгін олар Ақтаудан кетпекші болған. Әдеттегіше асхананың жанында тамақтанып отырғанда аяқ астынан бір еркек пайда болып, оларды темірмен соққыға жыға бастады. Сонан соң түк болмағандай олардың жанына жайғасып отырып, күле бастады. Полицейлер келгенде бұзақы анасына телефон соғып жатты», - дейді сауда орталығының күзетшісі.

Шабуыл кезінде бельгиялық азамат жарақат алып жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Франциялық азамат басы жарылғанына қарамай, дәрігерлердің көмегінен бас тартқан.

«Біз көптеген елдерде болдық. Барлық жерде қонақжайлылықпен қарсы алды. Қазақстанның адамдары да өте қонақжай екен. Алайда, бүгінгідей жағдай бірінші рет болып отыр», - дейді франциялық саяхатшы.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, шетелдіктер еліне қайтуға асығып жатқандықтан бұзақының үстінен арыз жазудан бас тартқан. Ақтаулық жігіт полицейлерге өзінің мүгедек екенін айтқан.

Бұған қоса, ол: «Шетелдіктерге шабуыл жасағаным жоқ. Қолымда өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай темір құбыр да жоқ, бұл бар болғаны балдақ», - деп ақталған болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!