Ақтөбе полицейлері сенбіден бері бес жасар баланың ата-анасын іздестіруде

Фотография - Ақтөбе полицейлері сенбіден бері бес жасар баланың ата-анасын іздестіруде

Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдин мәлімдеді.

177 0

20 шілдеде Ақтөбе қалалық ІІБ-нің кезекші бөліміне АТФ-1 бағбандық ұжымының ауданында Мейірбек есімді бес жасар ұл бала ата-ананың қарауынсыз жалғыз жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдин мәлімдеді.

«Жылап тұрған баланы жүргінші байқап қалып, полицияға хабарлаған. Мейірбектің қолында киім-кешек салынған сөмкесі болған. Оның түрі-басы тұрмысы нашар отбасының баласына ұқсамайды.

Ата-анасының тек есімдерін ғана біледі. Әкесі – Талғат, анасы – Құндыз екенін айтқан. Ол кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді. Қазіргі уақытта Ақтөбе қалалық ІІБ полициясы қызметкерлері Мейірбектің ата-анасының кім екенін анықтау және табу бойынша жедел-іздеу шараларын жүргізуде», – деді А.Уайдин. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!