Жалған ақпарат үшін істі болды

Фотография - Жалған ақпарат үшін істі болды

 Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне кеше сағат 11:07 шамасында белгісіз азаматтан қоңырау түскен

258 0

 Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне кеше сағат 11:07 шамасында белгісіз азаматтан қоңырау түскен.

Ол «Казкоммерцбанк» АҚ Қызылорда облыстық филиалында арнайы қолдан жасалған жарылғыш заттың қойылғандығын және ол жарылғыштың 15 минуттан соң жарылатындығы жөнінде хабарлаған.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, хабарлама түскеннен соң оқиға орнына облыстық ішкі істер департаменті, облыстық прокуратура, ҰҚК және облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мамандары шұғыл жетіп, банктегі азаматтарды сыртқа шығарып, аймақты оқшаулайды. Содан соң Қызылорда ОІІД арнайы мақсаттағы «Арлан» жасағы қызметкерлері банк ғимаратын тексеріп, онда жарылғыш заттың жоқ екендігін және жарылғыш зат жайлы түскен ақпараттың жалған екендігін анықтады.

Осыдан соң ОІІД жедел-тергеу тобы банк қызметкерлеріне қалыпты жағайда жұмыс жасай берулеріне рұқсат етіп, банк өз жұмысын жалғастырды.

Осы оқиғаға орай полиция қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізіп, жалған қоңырау шалған 1968 жылы туған азаматшаны ұстады. Аталған дерек бойынша күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 242 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің қылмысы толық дәлелденсе, оған сот шешімімен 200-ден 500-ге АЕК дейін айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан шектеу болмаса 6 жылға дейін түрмеге жабу жазасы тағайындалуы мүмкін.

Қазір сонымен бірге, аталған дерек бойынша оқиға орнынан жетіп, анықтау үшін кеткен мемлекет шығыны мен жұмысы жарты күнге тоқтаған банктің шығындары есептеліп жатыр - деп хабарлады ҚазАқпарат


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!