Жол апатынан екі бірдей адам қаза тапты

Фотография - Жол апатынан екі бірдей адам қаза тапты

 Батыс Қазақстан облысында кісі өліміне соқтырған екі жол-көлік оқиғасы болды

124 0

 Батыс Қазақстан облысында кісі өліміне соқтырған екі жол-көлік оқиғасы болды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 20 шілде күні Жымпиты ауылында тұратын 39 жасар Ж. деген жүргізуші мемлекеттік тіркеу белгілерінсіз «Опель Астра» автокөлігін айдап, Жымпиты-Қособа жолының 2-шақырымында аударып тынды. Өзі оқиға орнында қаза тауып, 44 жасар жолаушы К. ауыр жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді.

21 шілде күні Орал қаласында 45 жасар М. ВАЗ-2104 автокөлігін мас күйінде айдап, жол шетіне шығып кетіп, ақпараттық қалқанға соқтығысқан. Апат салдарынан 51 жасар жолаушы К. оқиға орнында көз жұмса, жүргізуші дәрігер қарағаннан кейін үйіне жіберілді - деп хабарлады ҚазАқпарат


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!