Бала қаққан прокурор сотталмайтын болды

Фотография - Бала қаққан прокурор сотталмайтын болды

ОҚО Мақтарал ауданы прокурорының көмекшісі қызметін өзге ауданға ауыстырды. Облыстық ІІД оның үстінен қылмыстық іс қозғамайды

110 0

ОҚО Мақтарал ауданы прокурорының көмекшісі қызметін өзге ауданға ауыстырды. Облыстық ІІД оның үстінен қылмыстық іс қозғамайды.

Айта кетейік, прокурордың көмекшісі ағымдағы жылдың маусым айында көлігімен кішкентай баланы қағып кетіп, салдарынан жарақат алған сәби көз жұмған болатын. Жол апаты Мақтарал ауданының Мырзакент ауылында орын алған.

Сұрау кезінде көлік иесі марқұм баланың анасымен бірге жол жиегінде тұрғандығын айтқан. Көлік жақындаған сәтте бүлдіршін жолға қарай жүгіріп шығыпты. Тергеу барысында жүргізілген сараптамалар да прокурордың еш ереже бұзбағандығын анықтап отыр. Оның үстіне қайтыс болған баланың ата-анасы да перзентін қағып өлтірген заң қызметкерінің үстінен арыз жазбапты. Осы себептердің барлығын ескере келе тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғаудан бас тартты.

Ал, журналистерге сұхбат берген ОҚО прокуроры Ибраһим Иманов аталған қызметкердің Мақтаралдан Созақ ауданына ауыстырылғандығын хабарлады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!