Халықаралық іздеу жарияланған қылмыскерді қолға түсірді

Фотография - Халықаралық іздеу жарияланған қылмыскерді қолға түсірді

Астанада 19 жыл бұрын Әзербайжан Республикасы аумағында кісі өлтірген қылмыскер ұсталды

227 0

Астанада 19 жыл бұрын Әзербайжан Республикасы аумағында кісі өлтірген қылмыскер ұсталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалалық полицейлер ҚР ІІМ қызметкерлерімен бірлесіп, қасақана кісі өлтіргені үшін (Әзербайжан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 120 б.2 б.1,5т.)  ұзақ жылдар бойы халықаралық іздеуде болған 1968 жылы туылған Әзербайжан Республикасының азаматын ұстады»,- делінген таратылған ақпаратта.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыскер Астана қаласының ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Қазіргі уақытта Минск конвенциясы мен Халықаралық келісімдерге сәйкес оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!