Балабақшаға мина койылды

Фотография - Балабақшаға мина койылды

 Алматыда балабақшалардың біріне бомба қойылғандығы туралы хабарлама түсіп, балалардың барлығы қауіпсіз орынға көшірілді

177 0

 Алматыда балабақшалардың біріне бомба қойылғандығы туралы хабарлама түсіп, балалардың барлығы қауіпсіз орынға көшірілді .

Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі сейсенбі күні таратқан ақпарат бойынша, белгісіз біреулер балабақша директорының жұмысына телефон соғып, мекемеге бомба қойылғандығын айтады. Оқиға орнына дереу жедел әрекет ету қызметінің мамандары шақырылды. Балабақша ғимаратынан 140 бала мен 39 қызметкер жақын маңдағы мектепке көшірілді, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Саперлер балабақша ғимараты мен оған тиесілі аумақты қарап шықты, алайда, жарылғыш зат табылмаған. Қазіргі кезде жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпаратты хабарлаған адамды анықтап, ұстау шаралары қолға алынды - деп хабарлады baq.kz


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!