Үй ауласында бірге ішімдік ішкен бөтелкелесін атып тастаған

Фотография - Үй ауласында бірге ішімдік ішкен бөтелкелесін атып тастаған

 Қарағанды облысында ішіп алып жанжалдасқан екі оқиғаның соңы атыспен аяқталды, екі ер адам зардап шекті

151 0

 Қарағанды облысында ішіп алып жанжалдасқан екі оқиғаның соңы атыспен аяқталды, екі ер адам зардап шекті.

Полицияның ақпараты бойынша, олардың біреуі дүйсенбі күні - Теміртауда, екіншісі Қарағандыда болған.

«22 шілде күні Теміртауда үй аулаларының бірінен жедел жәрдем көлігі ауруханаға 23 жасар жігітті жеткізді. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен адамның бас сүйегіне оқ тиген.

Тергеу барысында зардап шегушінің өзінің танысымен бірге аулада ішімдік ішкені анықталды. Бөтелкелестер сөзге келіп қалып, біреуі екіншісін травматикалық пистолетпен атып салған.

«Дәл сол күні кешке Қарағандыда дәрігерлер 32 жастағы ер адамға көмек көрсеткен, оған жанжал кезінде қасындағы 22 жасар бөтелкелесі аң аулайтын қарудан оқ атқан», - деп қосады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Екі оқиға бойынша да қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!