Павлодарлық шенеунік қазынаға қол салған

Фотография - Павлодарлық шенеунік қазынаға қол салған

Қаржы полициясы Павлодар облысының су құбырларын жүргізу жұмыстарына бөлінген 153 млн теңгенің қолды болғанын анықтады

123 0

Қаржы полициясы Павлодар облысының су құбырларын жүргізу жұмыстарына бөлінген 153 млн теңгенің қолды болғанын анықтады деп хабарлайды Қаржы полициясының баспасөз қызметі.

Қаржы полициясы 2013 жылдың 16 шілдесінде Павлодар облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы А. Құлжанов пен «КазСтройСервис-7» ЖШС-нің басшысы Б. Сыздықовқа қатысты қылмыстық іс қозғаған.

Бұл екі айыпталушы 2012 жылы Павлодар облысы, Зарин селолық округінде жүргізілуі тиіс су құбырларына жалған кесімдер толтыру арқылы 153 млн теңгені жымқырған.

Басқарманың бұрынғы бастығы 22 шілдеде ұсталды, қазір уақытша қамауда.

Қылмыстық іс тергелуде, нәтижелері қосымша хабарланатын болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!