Алматы облысында шекарашыны жаралаған жігіттер қолға түсті

Фотография - Алматы облысында шекарашыны жаралаған жігіттер қолға түсті

Алматы облысының тәртіп сақшылары шекарашыға шабуыл жасап, пышақ сұқты деген күдікпен 3 ер адамды құрықтады

128 0

Алматы облысының тәртіп сақшылары шекарашыға шабуыл жасап, пышақ сұқты деген күдікпен 3 ер адамды құрықтады.

Шекара қызметінің әскери бөлімдерінің бірінде келісімшарт негізінде қызмет ететін взвод командирінің орынбасары 4 шілде күні Үшарал қалалық ауруханасына үш пышақ жарақатымен түскен.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, әскери қызметкерге белгісіз үшеу шабуыл жасап, оған пышақ сұғып, «Ниссан Цефиро» көлігін айдап әкеткен. Кейін қаскөйлер тастап кеткен көлік табылды. Қазіргі таңда жедел шаралар барысында 18-20 жас аралығындағы үш күдікті қолға түсті.

Олар Алакөл АІІБ-да қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!