Рудныйда әпкесі бауырын пышақтап өлтіре жаздады

Фотография - Рудныйда әпкесі бауырын пышақтап өлтіре жаздады

Рудный қаласында туған әпкесі абайсызда бауырын өлтіріп ала жаздады, деп хабарлайды Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметі.

186 0

Рудный қаласында туған әпкесі абайсызда бауырын өлтіріп ала жаздады, деп хабарлайды Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметі.

22 шілде күні қалалық ауруханаға жедел жәрдем жүрек тұсына пышақ сұғылған 13 жасар баланы жеткізген болатын. Зардап шеккен бала реанимациялық бөлімшеге жатқызылып, оған ота жасалды.

Полицейлер анықтағандай Рудный қаласының балалар үйінің тәрбенелушілері болып келетін, 2000 және 1997  жылғы әпкесі мен бауыры, 12 жасар туысқан қарындастарымен жазғы демалыстарын туыстарының үйінде өткізіп жатқан.

Балалардың айтуынша үйде үлкендер болмаған кезде белгісіз біреу есікті қатты тарсылдатқан. Шошынған балалар қорғанамыз деп қолдарына пышақ алған. Балалар балкон терезесін жауып, әпкесі артқа бұрылған сәтте жүгіріп жеткен інісі пышаққа ұрынған. Балалар далаға жүгіріп шығып көмек сұраған, мұны көрген адамдар дәрігерлер мен полицияны шақырған.

Бұл факт бойынша ҚР ҚК 103 бабының 2 тарауы «Кәмелет жасқа толмаған тұлғаның денсаулығыныа ауыр зиян тигізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!