Екі адам Каспий теңізіне батып кетті

Фотография - Екі адам Каспий теңізіне батып кетті

Кеше кешқұрым Маңғыстау облысының Құрық кентінде Каспий теңізіне шомылған 46 жастағы ер адам суға кетті. Үш сағаттан кейін Жаңаөзен қаласында теңізге шомылған 19 жастағы жігіттің ажалы да судан болды

164 0

Кеше Солтүстік Қазақстан облысының Рузаевка ауылындағы Шарық көлінде балық аулаған 62 жастағы ер адам суға батып кетті.

Жергілікті тұрғындар оның мәйітін жарты сағаттан кейін шығарды, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Кеше кешқұрым Маңғыстау облысының Құрық кентінде Каспий теңізіне шомылған 46 жастағы ер адам суға кетті. Үш сағаттан кейін Жаңаөзен қаласында теңізге шомылған 19 жастағы жігіттің ажалы да судан болды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 20 шілде күні Алматы облысы Қапшағай су қоймасындағы «Көк шығанақ» жағалауында 26 жастағы әйел суға батып кетті. Оның мәйіті кеше таңертең ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің 4 маманы мен бір техникасының көмегімен шығарылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!