22,5 келі героин тәркіленді

Фотография - 22,5 келі героин тәркіленді

Ағымдағы аптада ірі көлемде героин есірткісі тәркіленді. Бұл туралы бүгін Астанадағы дәстүрлі брифингте ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті директорының орынбасары Айжан Есімбекова мәлім етті

390 0

Ағымдағы аптада ірі көлемде героин есірткісі тәркіленді. Бұл туралы бүгін Астанадағы дәстүрлі брифингте ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті директорының орынбасары Айжан Есімбекова мәлім етті.

Оның айтуынша, ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысы ІІД-мен бірлесе отырып Шымкент қаласында 19 келіден аса героинмен 28 жастағы Ресей азаматы, Новосібір қаласының тұрғынын құрықталды.  Ер кісі есірткі затын «Mercedes ML-63» автокөлігі мен 50 мың АҚШ долларына ауыстыру кезінде қолға түсті. Күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 259 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмыс үшін мүлікті тәркілеу жолымен 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бұдан бөлек, Алматы облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы басқармасының қызметкерлері Өтеген ауылында Алматы қаласының 46 жастағы тұрғынын қолға түсіріп, одан 2,5 келіге жуық героин тәркіледі. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Тағы да ірі көлемдегі есірткі заты Алматы облысында табылып отыр. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері бұрын осындай қылмысы үшін сотталған Қапшағай қаласының 42 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Оның пәтерін тінту нәтижесінде 1 келіден астам героин алынды. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі таңда есірткі заттарын тасымалдау арнасын анықтау мақсатында кешенді түрде жедел іздестіру, арнайы және тергеу шаралары жүргізілуде»,-деді А. Есімбекова.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!