Сарқанд қаласының 18- жасар тұрғыны көлік ұрлап ұсталды

Фотография - Сарқанд қаласының 18- жасар тұрғыны көлік ұрлап ұсталды

Алматы облысында бірнеше күн ішінде 3 автокөлікті айдап әкеткен Сарқанд қаласының 18 жастағы тұрғыны құрықталды

302 0

Алматы облысында бірнеше күн ішінде 3 автокөлікті айдап әкеткен Сарқанд қаласының 18 жастағы тұрғыны құрықталды, деп хабарлады ҚазАқпарат

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынып, бұрын оның Алматы облысы мен Алматы қаласында осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілу үстінде.

«Маусым айының соңында алғашқы болып Алматы қаласындағы үйлердің бірінің ауласында тұрған «Мазда-626» автокөлігі жоғалған. Кейінірек тағы бір үйдің ауласынан «Митсубиси Галант» автокөлігі, ал бірнеше күннен кейін «Мицубиси Лансер» автокөлігінен қожайыны айырылған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде криминалды полиция қызметкерлерімен Талғар ауданының Бәйтерек пен Кеңдала ауылдарының түпкірінен екі автокөлік, ал Сарқанд қаласынан  «Митсубиси Лансер» автокөлігі табылды»,-деді бүгін Астанадағы дәстүрлі брифингте ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті директорының орынбасары Айжан Есімбекова.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!