Семей тұрғыны полицейді әдейі қағып кеткен

Фотография - Семей тұрғыны полицейді әдейі қағып кеткен

Семейде көлік жүргізушісі патрульдік полиция батальонының қызметкерін қасақана қағып кетті.

122 0

Семейде көлік жүргізушісі патрульдік полиция батальонының қызметкерін қасақана қағып кетті.

Басқарманың мәліметіне сәйкес, оқиға 20 шілде күні түнгі 23.30-да Привокзальная көшесінде болған. Көлік жүргізушісі полицейдің нұсқауына бағынбастан, қасақана қаққан. Соның салдарынан 24 жасар полиция сержанты өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде омыртқасы сынып, ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаға қатысы бар күдікті ұсталды. Ол 34 жасар Семей тұрғыны бұрын сотталмаған, жұмыссыз азамат болып шықты. Айыпты уақытша сұтау изоляторына қамалып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол полицейді не үшін қаққанын әзірге айтқан жоқ, тергеу жүргізіліп жатыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!