Астанада мүгедек әйелді зорлап кетті

Фотография - Астанада мүгедек әйелді зорлап кетті

Астаналық полицейлер мүгедек әйелді зорлаған Қостанай және Қызылорда облыстарының тұрғындарын ұстады

296 0

Астаналық полицейлер мүгедек әйелді зорлаған Қостанай және Қызылорда облыстарының тұрғындарын ұстады. Олар ІІ топтағы мүгедек 50 жасар Астаналық әйелді зорлап, заттарын тонаған.

Түнде жұмыстан шығып, үйіне қайтып бара жатқан әйелді белгісіз еркек соғылып бітпеген ғимаратқа сүйреп алып кіреді. Онда оның серіктесі күтіп отырады. Екеулеп әйелді зорлап, ұялы телефонын, әмианын тартып әкетеді.

Жәбірленуші ғимараттан шыққан соң дереу полицияға хабарлайды. Көп ұзамай күдіктілер қолға түсті. Олардың әрқайсысына екі қылмыстық істен қозғалды. Қазір қылмыскерлер Астанадағы тергеу изоляторында тергеліп жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!