Қарулы қылмыскер Алматыны еркін кезіп жүр

Фотография - Қарулы қылмыскер Алматыны еркін кезіп жүр

Алматыда қаруланған қылмыскер жүр, деп хабарлайды қаланың ІІД баспаөз қызметінен.

167 0

Алматыда қаруланған қылмыскер жүр, деп хабарлайды қаланың ІІД баспаөз қызметінен.

24 шілде күні полицейге оқ атқан ер адам әлі ұсталған жоқ. Соңғы рет оны Райымбек және Сүйінбай көшелерінің қиылысында көрген. Оқиғаны көзімен көргендердің айтуынша, ол «Мерей» сауда үйінің қасындағы аялдамада №79 автобустан шыққан.

Қазіргі уақытта Жетісу ІІБ полицейлері сауда үйінде жедел іздеу шараларын жүргізіп жатыр. Қылмыскер ол жерге киім алу үшін барған деген болжам бар.

Еске сала кетсек, 24 шілде күні қылмыс жасаған ер адам көк джинсы шалбар киген, беліне дейін жалаңаш болған.

Атысты бастамас бұрын күдікті жекеменшік үйді тонап үлгерген. Үйдің иесі бұл туралы дәл сол күні полицейге хабар берген. Қылмыскер оның 5 мың АҚШ доллар ақшасын, 385 мың теңге тұратын алтын алқасын және «Оса» маркалы травматикалық тапаншасын ұрлап кеткен.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!