Апат салдарынан Зыряновск қаласы сусыз қалды

Фотография - Апат салдарынан Зыряновск қаласы сусыз қалды

Шығыс Қазақстан облысындағы Зыряновск қаласының орталық су құбырындағы бейсенбі күні болған апат салдарынан 457 көппәтерлі және 5443 жеке тұрғын үй сусыз қалған

267 0


Шығыс Қазақстан облысындағы Зыряновск қаласының орталық су құбырындағы бейсенбі күні болған апат салдарынан 457 көппәтерлі және 5443 жеке тұрғын үй сусыз қалған. Қалыптасқан жағдайға байланысты Зыряновск қаласында төтенше жағдай жарияланды деп хабарлады Өскеменнің YK-news жаңалықтар сайты.

Апат салдарын жою жұмыстарын алдағы екі тәуліктің ішінде аяқтау жоспарланып отырғаны айтылады. Қалалық су арнасының басшылығы апат жойылған соң тұрғындарға 12 сағаттың ішінде су берілетін болады деп хабарлаған.

Әзірге Зырянвск тұрғындарына төрт тәулікке жететін су қорын жинап алуға кеңес берілген. Қаладағы тұрғын үйлер, ауруханалар мен балабақшаларға көлікпен су жеткізу ұйымдастырылған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!