Қазақстандық шекарашылар $50 мың алып өтпек болған Түркіменстан азаматын ұстады

Фотография - Қазақстандық шекарашылар $50 мың алып өтпек болған Түркіменстан азаматын ұстады

Қазақ-түркімен шекарасында орналасқан «Темір–баба» бақылау-өткізу бекетінде кедендік бақылау жүргізу кезінде  Қазақстаннан 50 мың долларға жуық қаржыны заңсыз алып өтпек болған Түркіменстан азаматы ұсталды

145 0

Қазақ-түркімен шекарасында орналасқан «Темір–баба» бақылау-өткізу бекетінде кедендік бақылау жүргізу кезінде  Қазақстаннан 50 мың долларға жуық қаржыны заңсыз алып өтпек болған Түркіменстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды жұмада Маңғыстау облысы кедендік бақылау департаменті.

 

«Багажды тексеру кезінде бұл азаматтың жол сөмкесінен мағлұмдалмаған және кедендік бақылаудан жасырылған 49 200 доллар көлемінде қаражат табылды және тәркіленді», -делінген хабарламада.

 

Ведомствоның мәліметінше, осы факті бойынша Маңғыстау облысы кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Түркіменстан Республикасының азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 209 бабының 1 тармағымен қылмыстық іс қозғады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!