Алматыда көліктен 40 мың долларды ұрлап кеткен

Фотография - Алматыда көліктен 40 мың долларды ұрлап кеткен

 Алматылық ЖШС бірінің қаржы директоры басшысының тапсырмасымен 40 мың АҚШ долларын салып алып, баллон жамау стансасына бет алған.

231 0

 Алматылық ЖШС бірінің қаржы директоры басшысының тапсырмасымен 40 мың АҚШ долларын салып алып, баллон жамау стансасына бет алған.

Ер адам көлігінің кілтін салмай, аздаған уақытқа тысқары шығып кеткен. Ал аталмыш қаржы көлемі темір тұлпар орынтағының астында болған. Бұл туралы оңтүстік астананың ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Жақын маңдағы жанар-жағармай құю стансасының бейне бақылау камерасындағы жазбаға ер адамның көліктен ақша салынған пакетті алғаны түсіп қалған.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдарының қызметкерлері баукеспенің тұлғасын анықтап, қылмысты әшкерелеу бағытында білек сыбанып, іске кірісті.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!