Көршінің қызын ұрып, 15 күнге қамалды

Фотография - Көршінің қызын ұрып, 15 күнге қамалды

Шыңғырлау ауылында 50 жасар азамат мас күйінде көршінің кішкентай қызын ұрған

108 0

Шыңғырлау ауылында 50 жасар азамат мас күйінде көршінің кішкентай қызын ұрған.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, әлгі тұрғын көршісіне шөл қысып барған. Оған кішкентай қыз щығып, анасының жоқ екенін айтып, кетуін сұраған. Мас адам кетудің орнына кішкентай қызды балағаттаған. Ақыры қыз лақтырған таяқты қағып алып, оны ұра бастаған. Қыздың айқайын естіп, көршілер жедел жәрдем мен полиция шақырған. Дәрігерлік анықтамаға сәйкес қыз белінен жарақат алған.

Шыңғырлау аудандық сотының қаулысымен 50 жасар азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 79-1-бабына сәйкес 15 тәулікке қамалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!