Астанада тәулік ішінде 100 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Фотография - Астанада тәулік ішінде 100 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Астанада бір тәулік ішінде 100 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 6 адам зардап шекті

185 0

Астанада бір тәулік ішінде 100 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 6 адам зардап шекті, деп хабарлайды елордалық сайт Астана қаласының Жол полициясы басқармасына сілтеме жасап.

26 шілде күні таңертеңгі сағат 8.10-да «Тойота Раф-4» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде кетіп бара жатқан жолаушыны басып кеткен. Бейбітшілік көшесінен Бөгенбай батыр даңғылымен Желтоқсан көшесіне бара жатқан көлік реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде 37 жастағы әйелді басып кеткен. Оқиға салдарынан зардап шегуші ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Келесі ЖКО-ға жаяу жүргінші кінәлі болып отыр. Таңертең сағат 9.00-де елорданың сол жағалауында «Тойота» көлігі Қошқарбаев көшесіндегі үйдің ауласынан шыға берісте рұқсат етілмеген жерде жолдан өтпек болған 30 жастағы әйелді қағып кеткен. Жаяу жүргінші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жол полициясы басқармасы жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында жүргізушілермен және жаяу жүргіншілермен ұдайы профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жазда жол апаттарының саны артады, себебі жол қозғалысына қатысушылардың басым бөлігі Жол қозғалысы ережелерінің талаптары мен жол белгілерін елемей, өздерінің және басқа да адамдардың өмірлеріне қатер төндіреді. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер негізгі ережелерді сақтауы тиіс. Тек сонда ғана жол-көлік оқиғаларының саны төмендейтін болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!