Алматы-2 стансасында екі пойыз соқтығысып, 4 адам жапа шекті

Фотография - Алматы-2 стансасында екі пойыз соқтығысып, 4 адам жапа шекті

Алматы-2 стансасында 28 шілде күні кешкі сағат 17.15-те «Алматы - Новосібір» және «Алматы - Петропавл» бағыттарындағы жолаушылар пойыздарының құрамдарын шығару үшін маневрлік жұмыстар кезінде  вагондар арасында қатты тіркелу орын алған

161 0

Алматы-2 стансасында 28 шілде күні кешкі сағат 17.15-те «Алматы - Новосібір» және «Алматы - Петропавл» бағыттарындағы жолаушылар пойыздарының құрамдарын шығару үшін маневрлік жұмыстар кезінде  вагондар арасында қатты тіркелу орын алған.

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Салдарынан әйел жолаушылардың бірі жеңіл жарақаттанды. Оған медициналық көмек көрсетілді, ол ауруханаға жатудан бас тартты. ҚТЖ-дің үш нәзік жанды қызметкері де жапа шегіп, оларға медициналық көмек көрсетілді.

№301 «Алматы - Новосібір» 3 сағат 16 минутқа, №15 «Алматы - Петропавл» бағытындағы жолаушылар пойызы 3 сағат 19 минутқа белгіленген уақытынан кешеуілдетіп жолға шықты.

Жолаушыларды тасымалдаушы компания тарапынан аталмыш пойыздардың кідірген уақытын азайтып, бекітілген кестеге сай қозғалуы үшін барлық жағдай жасалуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!