Көкшетауда дүлей дауыл тұрып, қаланың астан-кестеңін шығарды

Фотография - Көкшетауда дүлей дауыл тұрып, қаланың астан-кестеңін шығарды

Көкшетауда жойқын дауыл тұрып, соңы бұршақ аралас нөсер жауынға ұласты

109 0

Көкшетауда жойқын дауыл тұрып, соңы бұршақ аралас нөсер жауынға ұласты.

Жарты сағат бойы халықты әбігерге салған табиғаттың тосын мінезі, қаланың астан-кестеңін шығарған. Қатты дауыл тұрғындардың ғана емес, синоптиктердің де үрейін ұшырып отыр.

Дауыл қаладағы балалар ауруханасының шатырын ұшырып, саябақтағы ағаштарды тамырымен жұлып кеткен. Сондай ақ, жаңбырдан Қопа көлінің маңайындағы бірнеше үй суға кетсе, қаланың біраз бөлігі жарықсыз қалған. Қазір қала бойынша шығын көлемі есептеліп жатыр.

Инженер-синоптик Роза Мұхаметжанованың айтуынша, облыс бойынша кейбір жерлерде найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады деп болжанған. Бірақ, қатты жел тұрады деп айтылмаған - деп хабарлады baq.kz


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!