Тараз қаласының әкімі сот шешімін орындамай отыр

Фотография - Тараз қаласының әкімі сот шешімін орындамай отыр

Шаһар басшысының қудалануына түстім деген Сьезбек Оспанов осындай шағым келтіріп отыр. Оның айтуынша, әкім қызметін пайдаланып, оны жұмыстан қуған

164 0

Шаһар басшысының қудалануына түстім деген Сьезбек Оспанов осындай шағым келтіріп отыр. Оның айтуынша, әкім қызметін пайдаланып, оны жұмыстан қуған.

Съезбектің сөзінше, Тараз қаласының әкімі Бекболат Орынбеков артына май шам алып түсіпті. Қалайда көзімді құртуды көздеген әкім, діттегеніне жеткенше діңкелетіп бітті дейді ол. Оның айтуынша, қызметін алдыға салған қала әкімі үш жыл бұрынғы еңбекке жарамсыз анықтаманы жарамсыз етуге жанталасып жатқан көрінеді. Әкімнің заңсыз жұмыстан шығарғанын сотта дәлелдегенмен, сол сот шешімін Орынбеков орындамапты.

«Бір жылдан бері сот шешімі бола тұра, бүгінгі күнге дейін әлі орныма отырған жоқпын. Себебі қала әкімінің тікелей қудалануына ұшырадым деп ойлаймын. Өйткені бір жылдан бері сот шешімін орындамау деген түсініксіз жағдай. Сот шешімінде «жедел орындалуы тиіс» деп көрсетілген. Ол сол күні орындалуы керек», - Съезбек Оспанов.

Жиырма төрт жыл мемлекеттік қызметте еңбек еткен Съезбек Оспанов бір жылдан бері сот табалдырығын тоздырумен әлек. Үш жыл бұрын көзіне ота жасатып, бір ай жұмысқа бармапты. Науқас болғанын растайтын анықтамасы да бар. Енді сол анықтама аяқ асты жалған болып шығыпты. Ал жұмысқа қайта орналасу үшін сот шешімі де шыққанымен, ешқашан орындалмапты.

Бұл мәселеге байланысты қала әкімі қандайда бір сұхбат беруді жөн санамады. Анығы, қолы тимейтін көрінеді. Ал әкімнің қудалануына түстім деген Съезбек Оспанов даулы іс бір жақты шешілмей, белдесуге белді бекем буып отыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!