Қарағандыда ер адам өзін өзі өртеп жіберді

Фотография - Қарағандыда  ер адам өзін өзі өртеп жіберді

29 шілде күні таңертең  Қарағандыда Көшубаев көшесінің бойында ЖШС-нің бірінің жұмысшысы, 55 жастағы ер адамның күйіп қалған мәйіті табылды

170 0

Қарағандыда 55 жастағы ер адам өзін өзі өртеп жіберді, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

«29 шілде күні таңертең  Қарағандыда Көшубаев көшесінің бойында ЖШС-нің бірінің жұмысшысы, 55 жастағы ер адамның күйіп қалған мәйіті табылды. Оқиғаны көзбен көргендердің сөзіне қарағанда, өзін өртеп жіберердің алдында ер адам канистрдегі бензинді үстіне құйып қана қоймай, ішкен», - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, оның өз өзіне қол жұмсауына жұмыс істеген ЖШС аумағындағы газ баллондарын ұрлау фактісі бойынша зардап шегушіге қатысты қылмыстық істің қозғалуы себеп болған.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!