Қарағандыда 24 жастағы бойжеткен «Урал» көлігінің астында қалды

Фотография - Қарағандыда 24 жастағы бойжеткен «Урал» көлігінің астында қалды

Қарағандыда «УРАЛ-375» көлігінің жүргізушісі 2 жолаушыны қағып кетті. Жол апаты салдарынан 24 жастағы бойжеткен оқиға орнында көз жұмды, 46 жастағы ер адам зардап шекті

156 0

Қарағандыда «УРАЛ-375» көлігінің жүргізушісі 2 жолаушыны қағып кетті. Жол апаты салдарынан 24 жастағы бойжеткен оқиға орнында көз жұмды, 46 жастағы ер адам зардап шекті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қарағанды қаласындағы 16-шы ықшамауданда Майлин көшесінің бойында Тараз қаласының тұрғыны, «УРАЛ-375» көлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан жолаушыларды қағып кетті. Жол апаты салдарынан 24 жастағы бойжеткен оқиға орнында жан тапсырды, ал 46 жастағы оның әкесі ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.

Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!