Жамбыл облысында автобус трактормен соқтығысты

Фотография - Жамбыл облысында автобус трактормен соқтығысты

Жамбыл облысында шағын автобус трактормен соқтығысты, деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінен.

303 0

Жамбыл облысында шағын автобус трактормен соқтығысты, деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінен.

«Оқиға Мерке ауданында, Алматы - Ташкент тас жолының 329-шақырымында орын алды. Түнгі сағат он екі жарымда мемлекеттік номері жоқ МТЗ-80 тракторының жүргізушісі ауыл арасындағы жолдан трассаға шығу кезінде Тараз - Алматы бағыты бойынша келе жатқан «Форд Транзит» шағын автобусына жол бермей, бұрылып өтпек болып, нәтижесінде автобусқа соқтығысқан», делінген баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Апат салдарынан шағын автобуста болған 22 және 27 жасар екі тараздық жолаушы жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Автобус салонында 13 жолаушы болған, рульде - 59 жасар Тараз тұрғыны.

Оқиға орнына ТЖ аудандық бөлімінен, ІІАБ, өрт бөлімінен 16 қызметкер және жедел жәрдемнің екі бригадасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері жолаушыларды жолшыбай кездескен бағыттас көліктермен жөнелтуді ұйымдастырды.

Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.


Тегтер:

авария

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!