Құрылыс компанияларының жетекшілері қамауға алынды

Фотография - Құрылыс компанияларының жетекшілері қамауға алынды

Атырау қаласында мемлекеттік бағдарлама шеңберінде тұрғын үйлерді жаңғыртумен айналысқан бірқатар компаниялардың басшылары ұсталды

116 0

Атырау қаласында мемлекеттік бағдарлама шеңберінде тұрғын үйлерді жаңғыртумен айналысқан бірқатар компаниялардың басшылары ұсталды.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 312 бабына (Бір топ тұлғаның алдын ала келісім бойынша ірі көлемде пара беру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Олар көпқабатты 15 тұрғын үйді жаңғыртуды жүргізу кезінде атқарылған жұмыстың бағасын тым асырып жіберген деп айыпталып отыр.

Еске сала кетейік, компания басшылығы жауапкершіліктен сытылу үшін Атырау тұрғын үй инспекциясы бөлімінің инспекторы арқылы қала прокурорының көмекшісіне 2 млн.теңге көлемінде пара беруге әрекеттенген.

Параны алу кезінде қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің инспекторын облыстық прокуратура қызметкерлері және қаржы полицейлері құрықтады.

Облыс прокурорының орынбасары Бауыржан Сауғабаев атап өткендей, күдікті 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үйді жаңарту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолында жөндеу жұмыстарына тартылған мердігерлік ұйымдардың мүддесіне сай әрекет еткен - деп хабарлады baq.kz

Құрылыс компанияларының жетекшілері уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!