Көкек ана 2 жасар баласын ауруханада тастап кетті

Фотография - Көкек ана 2 жасар баласын ауруханада тастап кетті

 Павлодарда көкек ана 2 жасар баласын ауруханада тастап кетті. Мұндай қадамға тасбауыр әйел өз шешесімен жанжалдасып қалған соң барыпты

155 0

 Павлодарда көкек ана 2 жасар баласын ауруханада тастап кетті. Мұндай қадамға тасбауыр әйел өз шешесімен жанжалдасып қалған соң барыпты.

Балалар ауруханасының дәлізінде қараусыз жүрген сәбиді дәрігерлер байқап қалып, мән-жай сұрастыруға тырысыпты. Ата-анасы тұрмақ, өз есімін атай алмай тұрған бүлдіршін уақытша балалар үйіне жіберілді. Ал тәртіп сақшылары бала жоғалтқан жандармен қоса шамамен 2 жыл бұрын сәбилі болған үйлерді тексеруге кіріскен. 5 күннен кейін көкек ана да табылды. Ол 20 жастағы Павлодарское ауылының тұрығыны боп шықты. Келіншек баласын бағып отырған өзінің шешесімен ұрсысып, оған ерегескенде бауыр еті баласын ауруханалардың біріне апарып, қалдырып кетіпті. Қазір инспекторлар оны ата-аналық құқығынан айыру үшін құжат дайындауда. Ал сәбиді әжесі алып кетті - деп хабарлады baq.kz


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!