ОҚО тәртіп сақшылары барымташыларды қолға түсірді

Фотография - ОҚО тәртіп сақшылары барымташыларды қолға түсірді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс қаласының тұрғындары биыл 6 айдың ішінде 61 жылқысының орнын сипап қалды

197 0

Тәртіп сақшылары барымташыларды құрықтады. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс қаласының тұрғындары биыл 6 айдың ішінде 61 жылқысының орнын сипап қалды.

Келтірілген залалдың жалпы көлемі 15 миллион теңгеге жетті.

Тәртіп сақшылары қарақшылардың белгілі бір схемамен жұмыс істегендерін анықтады. Олар үйірден тек сәйгүліктерді таңдап, түн жамылысымен оларды айдап әкететін болған.

Әзірге барымташылардың тек екеуі қолға түсті. Тергеушілер олардың 85 жылқының, 500 қойдың ұрлануына қатысы бар екенін дәлелдеді. Қолды болған малдың бір бөлігі иелеріне қайтарылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!