Кеденшілер қазақстан-қырғыз шекарасында 16 келі героин тәркіледі

Фотография - Кеденшілер қазақстан-қырғыз шекарасында 16 келі героин тәркіледі

ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің қызметкерлері Кеден одағының және Еуропа елдері аумағына тарату үшін Орта Азия мемлекеттерінен әкелінетін есірткінің ірі жеткізілімдерінің жолын кесуде

152 0

ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің қызметкерлері Кеден одағының және Еуропа елдері аумағына тарату үшін Орта Азия мемлекеттерінен әкелінетін есірткінің ірі жеткізілімдерінің жолын кесуде.

Бұл туралы Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Мәселен, 2013 жылғы 26 шілдеде «Қордай» кеденінің «Сартөбе» кеден бекетінде 1966 жылы туылған Қырғыз Республикасы азаматының басқаруындағы «БМВ-520» маркалы автокөлік құралын кедендік тексеруден өткізген кезде автокөліктің жанар-май құйылатын багынан жалпы салмағы 16 келі 494 грамм героин табылды және тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 259-бабы (есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату) және 250-бабы (айналымнан алынған заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Бұл істер әрі қарай тергеу амалдарын жүргізу үшін Жамбыл облысы Ішкі істер департментінің Қордай аудандық полиция бөлімшесіне жолданды.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының кеден органдары ағымдағы жылдың басынан бері заңсыз айналымнан 100 келі әртүрлі есірткілер, оның ішінде 21,7 келі героин контрабандасының 23 фактісін анықтады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!