Қарағанды облысында жол апатынан үш адам мерт болды

Фотография - Қарағанды облысында жол апатынан үш адам мерт болды

Қарағанды облысында «Алматы-Екатеринбург» жолының бойында бетпе-бет келе жатқан «РЕНО» және ВАЗ автокөліктері соқтығысып қалды, жол-көлік оқиғасының салдарынан 3 адам опат болды

162 0

Қарағанды облысында «Алматы-Екатеринбург» жолының бойында бетпе-бет келе жатқан «РЕНО» және ВАЗ автокөліктері соқтығысып қалды, жол-көлік оқиғасының салдарынан 3 адам опат болды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Полицияның берген ақпараты бойынша, жол-көлік оқиғасы 30 шілде күні «Алматы-Екатеринбург» жолының 1040-шақырымында орын алған.

Қарағанды қаласының 35 жастағы тұрғыны, «Рено автокөлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 54 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны жүргізіп келе жатқан ВАЗ көлігіне бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан алған жарақаттардан оқиға орнында екі жүргізуші мен 28 жастағы жолаушы мерт болды», - деп жазылған хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, «РЕНО» жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!