"Копейка" екі адамды өлтіре отырып ұрлаған

Фотография - "Копейка" екі адамды өлтіре отырып ұрлаған

Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихаты барысында ҚР Iшкi iстер министрлiгi мемлекеттiк тiл және ақпарат департаментi директорының орынбасары Айжан Есембекова мәлімдеді.

124 0

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында қылмыскерлер «ВАЗ-2101» автокөлігін ұрлау мақсатында екі адамды өлтірген. Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихаты барысында ҚР Iшкi iстер министрлiгi мемлекеттiк тiл және ақпарат департаментi директорының орынбасары Айжан Есембекова мәлімдеді.

«Қарағанды облысында iздеу жарияланған 61 жастағы әйел адам мен оның 27 жастағы ұлының өлiмiне қатысты қылмыстық iс ашылды. Қанды оқиға шамамен осыдан бір ай бұрын орын алған. Криминалдық полиция қызметкерлерi аталған iске қатысы бар деген күдiкпен Бұқар жырау ауданының екi тұрғынын құрықтады», - деді А.Есембекова.

Оның айтуынша, Үштөбе ауылының 23 жастағы тұрғыны полицияға хабарласып, өзiнiң анасы мен ағасының маусым айының аяғында «ВАЗ-2101» автокөлiгiмен үйден шығып кетiп, оралмағандығы жөнiнде хабарлаған.

«Бiрнеше күн өткен соң ауылдан 3 шақырым жердегі қоқыс төгуге арналған орыннан адамның өрт шалған сүйек қалдықтары табылған. Ұсталған 22 мен 23 жастағы азаматтар 29 маусым күнi жәбiрленушiлердi өлтiрiп, ал 30 маусымда олардың мәйiттерiн ауылдан тыс аймаққа алып кеткендiгiн мойындап отыр. Анықталғандай күдiктiлердiң кiшiсi жәбірленушілердің көршiсi болған. Алдын ала болжам бойынша, қылмыскерлер ұрлап алып кеткен автокөлік адам өлтірудің басты себебі болуы мүмкін», - деп толықтырды ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!